Медет Құрмашұлы Құрсақов
Туған жылы: 26.08.1981 ж.
Білімі:
1998 жылы Петропавловск қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепті бітірген.
1998-2003 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы Ынтымақ елді-мекенінде орналасқан «Убай ибн Кааб» медресесінде тәлім алған.
2006-2008 жылдар аралығында «Әл-Азһар» университетінің арнайы тілдік даярлау курстарын және үш жылдық институтын аяқтады.
2008-2012 жылдар аралығында Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің «Шариғат және заң» факултетінде, ислам шариғаты (ханафи мазһабы) мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдады.
2012-2014 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді.
2015-2016 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған.
2015 жылдың 9 ақпанынан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінде қызмет атқарып жатыр.
ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі. Үш баланың әкесі.