Бауыржан Абдуалиев
уған күні: 12.12.1981ж.
Туған жері: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Құркелес әкімшілігі, Еңкес ауылы.
Мамандығы: Исламтанушы.
Білімі:
1999-2000 жылдар аралығында ОҚО, Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округында орналасқан «Таяқты Ешан» мешіті жанынан ашылған діни сауат ашу курсында тәлім алған.
2006-2008 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетінің дайындық курсы мен үш жылдық институттың (санауидің) 3-курсын аяқтаған.
2008-2012 жылдар аралығы әл-Азхар университетінің «Шариғат және заң» факултетінің «Ислам шариғаты» мамандығы бойынша «жақсы» деген бағамен жоғары білім (лиценциат) дәрежесін алған.
2013-2015 жылдары Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді.
2015-2016 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша доктаранты.
Еңбек жолы:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі маманы. ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі.
Арнайы білімі: Араб тілін еркін меңгерген.
Отбасылық жағдайы: үйленген. Үш баланың әкесі.