Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанның діни интерактивті картасы (Жамбыл облысы)


«Һибатулла тарази» медресесі 2012 жылдың тамыз айында ашылды. Онда директор бөлмесі, дәрісханалар, кітапхана, мұғалімдерге арналған бөлме, мәжіліс залы, медициналық көмек көрсету пункті, дене шынықтыру залы, тәрбиешілер бөлмесі, шәкірттердің жатақхана бөлмесі, қонақ  бөлмесі, сондай-ақ, медресе ұстаздары мен шәкірттеріне қажетті басқа да бөлмелер уақыт талабына сай заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медресе шәкірттері жалпы орта білім негізіндегі оқыту мерзімі бойынша 2 жыл 10 ай білім алады. Оқу жылы екі семестрге бөлінген. Шәкірттер оқу жоспарына сай дәріс тыңдап, өндірістік және зертхана сабақтарына қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсыратын болады.

Медресеге түскісі келген үміткерлерге қойылар талаптар:

  1. Директор атына жазылған өтініш
  2. Облыс, өңір, аудан имамының ұсынысы (мінездеме түрінде)
  3. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс)
  4. Орта білімі туралы аттестаты (түпнұсқасы)
  5. Көлемі 4х5 сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлігінің (көшірмесі) 
  7. 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама
  8. РНН (көшірмесі)
  9. Сотталмағандығы туралы анықтама
  10. Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс.

Медресені бітіргендер «Исламтанушы» мамандығы бойынша диплом алып шығады.

Мекен жайымыз: Тараз қаласы, Төле би көшесі. 89 Б.