Елордадағы «Нұр-Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен «Dintellect» зияткерлік діни білім сайысы қорытындыланды.
Байқауға еліміздің 20 өңірінен келген Әйел-қыздар секторының жетекшілері қатысып, бес командаға топтасты. Әр команда төрт адамнан жасақталды.
Сайыс барысында командалардың діни білімдері, тапқырлығы мен ой ұшқырлығы, білім деңгейі мен ауызбіршілігі сараланды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Шамшырақ» тобы I орынды иеленіп, 200 мың теңге сыйақы алды. II орынға «Кема IQ» тобы (150 мың теңге), III орынға «Нұрлы сана» тобы (100 мың теңге) лайық деп танылды.
Ал «Білге» тобы белсенділігі мен ізденісі үшін, «Алаш аналары» тобы ынтасы мен ауызбіршілігі үшін 50 мың теңгеден ынталандыру жүлдесіне ие болды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
25.11.2026
1266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру