Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысының имамдары Арал өңіріне рухани-танымдық сапар жасады

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 23.11.2026 399 0 пікір
Ақтөбе облысының имамдары Арал өңіріне рухани-танымдық сапар жасады

Ақтөбе облысының дін қызметкерлері  Мүфтияттың «Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Қызылорда облысы, Арал ауданына рухани-танымдық сапар ұйымдастырды. 

Сапар барысында имамдар алдымен Аққұм ауылдық округінің Шижаға ауылындағы табиғаттың ерекше туындысы «Ысқырма құмды» тамашалады. Сонымен қатар шөл жағдайына бейімделген Ойсылқара тұқымының жайылымын көрді.

Одан кейін қатысушылар Арал теңізінің тарихы мен балық шаруашылығының өткені туралы мол мағлұмат беретін «Балықшылар музейіне» экскурсия жасады. Сондай-ақ Арал қаласында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысты.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру