Солтүстік Қазақстан облысында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүректерге нұр, көңілдерге жылу сыйлаған рухани кеш өтті.
Кеш Алланың Кәләмімен ашылып, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерімен өрілді. Жиын ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шерткен сұрақ-жауаптармен жалғасты.
Сондай-ақ салауат айтудың артықшылықтары түсіндіріліп, бір ай бойы Мәуліт айына орай ұйымдастырылған рухани жарыстың қорытындысы жарияланды.
Кеш соңында бір ай бойы үздіксіз жалғасқан салауат мәжілісінің хатым дұғасы жасалды.
Жиын қатысушыларға рухани әсер сыйлап, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2026
101
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру