Қостанай қаласындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты тағылымды кездесу өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы жауапкершілікті арттыру және берік шаңырақтың қоғамдағы маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында мешіт қызметкерлері «Отбасы жауапкершілігі – адал қоғамның негізі» тақырыбында дәріс оқып, қазіргі қоғамдағы отбасыға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, жастардың отбасына жауапкершілікпен қарауы, некенің беріктігін сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызы сөз болды.
Жиында отбасы – қоғамның негізгі тірегі екені айтылып, жастарды шаңырақтың берекесі мен бірлігін сақтауға үндеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2026
103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру