Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТТЕРДЕ ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.05.2021 3785 0 пікір
МЕШІТТЕРДЕ ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін еліміздің барлық мешітінде Ораза айт намазы оқылды. Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт намазына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты мұсылмандардың ұлық мейрамымен құттықтады.

«Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірген садақамызды қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік!

Жер бетінен жұқпалы дерт жойылып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді жазғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Сондай-ақ Бас мүфти Ораза айт мерекесін берекелі де сауапты етіп өткізуге шақырды.

Айта кетейік, биылғы айт намазы еліміздің барлық мешіттерінде пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптарды ескеріп, арақашықтық сақтай отырып оқылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру