Қазақстандық азаматтар Қажылық маусымынан бөлек айларда жыл бойы ұмра сапарына баратыны белгілі. Сауд Арабиясына баруға Қазақстан азаматтарына туристік виза ашылғалы ұмраға апарушы қазақстандық турфирмалардың саны өсуде.
Өкінішке қарай, соңғы кезде Діни басқармаға ел азаматтары тарапынан түрлі турфирмалардың күмәнді іс-әрекеттеріне қатысты шара қолдануды сұрайтын шағымдар көбейді.
Осы орайда ұмраға баратын азаматтарға қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аталмыш турфирмалар жауапкершілігінде екенін еске саламыз. ҚР сыртқы туризмді реттейтін тиісті заңнамасына сай ұмра сапарын топпен ұйымдастыру үшін міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс және әр ұмра жасаушыға туроператор тарапынан туркод берілуі қажет. Мұндай талаптар орындалмаған жағдайда ұмраны топпен ұйымдастыру ҚР заңдарына қайшы.
Осы ретте ұмраға барушыларды бақылауға және оларға турфирмалар тарапынан жасалатын қызметті қадағалауға Діни басқарманың заңды құзіреті жоқ екенін мәлімдейміз.
Сонымен қатар отандастарымызды ресми туроператорлық лицензиясы жоқ туркомпаниялармен ұмра сапарына бармауға шақырамыз.
ҚМДБ Қажылық бөлімі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қажылық бөлімі
muftyat.kz
08.01.2025
4046
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру