Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдық мерейтойына арнайы келген Өзбекстан және Қырғызстан делегацияларының өкілдерін қабылдады.
Кездесуге Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, профессор Мұхаммедәлим Мұхаммедсидиков, Өзбекстан Халықаралық ислам академиясының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Махфуза Алимова, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының Кадрлар және іс қағаздарын жүргізу бөлімінің маманы Тынычтык Тулобаев, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті Дінтану институтының директоры Нурбек Болотович Шамралиев және Қырғыз-Түрік Манас университеті Теология факультетінің деканы, доктор, профессор Хусейн Акюз қатысты.
Қабылдау барысында бауырлас елдер арасындағы рухани байланысты нығайту, діни білім беру және ғылыми-ағартушылық бағыттағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
Бас мүфти мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, ортақ рухани мұраны дәріптеу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және діни білім саласында тәжірибе алмасудың маңызына тоқталды.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.10.2026
118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру