Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 02.10.2026 171 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ұстаздың орны мен дәрежесі» тақырыбында жұма уағызын айтты. 

«Адамның бұл өмірде тәрбиесіне әсер етіп, білімге деген құштарлығын ашатын, тұлға болып қалыптасуына себепші болатын негізгі жан – ұстаз. Осы себепті де асыл дініміз білім беруші ғұлама-ғалымдардың, ұстаздардың дәрежесін жоғары қояды.  Қасиетті Құранда:«Алла Адамға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді», – делінген аят бар («Бақара» сүресі, 31-аят).

Аятта Алла Тағаланың Өзі «ғәлләмә» (عَلَّمَ) үйреткен, яғни үйретуші екенін айтқан. Осының өзі білім үйретушінің дәрежесі қандай екенін түсіну үшін жеткілікті болмақ»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру