Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» жоғары діни оқу орнына қабылданған шәкірттермен кездесті.
«Қадірлі талапкерлер! Сіздер аттанғалы отырған оқу орны діни білім мен рухани тәрбиеге ерекше мән беретін, білікті мамандар даярлауда өзіндік орны бар білім ордасы. Сондықтан бұл сапарды жай ғана шетелде білім алу мүмкіндігі деп емес, еліміздің діни саласына қажетті ілімді меңгеріп, тәжірибе жинақтап, елге қызмет етуге дайындалатын үлкен аманат деп қабылдаған жөн.
2016 жылдан бері осы күнге дейін ҚМДБ жолдамасымен 180 шәкірт Хасеки академиясында білім алып, оқуын сәтті аяқтады. Бүгінде олардың басым көпшілігі мешіттерімізде, медреселерімізде және діни салаға қатысты басқа да бағыттарда абыройлы қызмет атқарып жүр. Бұл – еліміздің діни-ағарту саласы үшін үлкен жетістік. Енді сол ізгі жолды жалғастыратын кезек сіздерге де келіп жетті. Алла берекелі етсін» , – деді Бас мүфти.
Айта кетейік, биыл елімізден Хасеки академиясына 13 қазақстандық талапкер қабылданды. Оның ішінде 2 қыз және 11 ер азамат бар. Олар үш жыл білім алып, елге оралған соң діни салада қызмет ететін болады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.08.2026
746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру