Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МӘУЛІТ СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 27.08.2026 189 0 пікір
БАС МҮФТИ «МӘУЛІТ СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Мәуліт сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында Бас мүфти жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттаудың және қайырымдылық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Қайырымдылық шарасы аясында Астана қаласының төрт мешіті – «Әлжан ана», «Ар-Рахман», «Көктал» және «Әс-Сәлам» мешіттері арқылы 150-ге жуық отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілуде.

Бас мүфти игі шараның берекелі болуын тілеп, қайырымдылық бастамаларының жалғаса беретінін жеткізді.















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру