Бүгін Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Мәуліт сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында Бас мүфти жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттаудың және қайырымдылық жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, Астана қаласының ұйымдастыруымен қаланың төрт мешіті – «Әлжан ана», «Ар-Рахман», «Көктал» және «Әс-Сәлам» мешіттері арқылы 150-ге жуық отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілуде.
Бас мүфти игі шараның берекелі болуын тілеп, қайырымдылық бастамаларының жалғаса беретінін жеткізді.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
26.08.2026
63
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру