Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған іссапары аясында Ғылым ордасында өткен «Қолжазбалық мұра және қазақ руханияты» атты халықаралық дөңгелек үстеліне қатысып, арнайы баяндама жасады.
Өз сөзінде ҚМДБ Төрағасы қазақ халқының жазба мұраларын зерттеу мен сақтаудың маңызына тоқталды.
«Қазақ халқының жазба мұраларының едәуір бөлігі әлемнің түрлі мемлекеттеріндегі мұрағаттар мен кітапханаларда сақталса, олардың маңызды бір бөлігі еліміздегі ғылыми және мәдени мекемелердің қорларында жинақталған. Елімізде қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтайтын бірнеше ғылыми орталық бар. Солардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы. Бұл мекеме өзінің бай қолжазбалар және сирек кітаптар қорымен ерекшеленеді.
Көне мұралар – Қазақстанның тарихи-мәдени және рухани мұрасын зерттеудегі маңызды дереккөздердің бірі. Аталған жәдігерлердің басым бөлігін діни-дидактикалық, діни-танымдық және діни-канондық мазмұндағы еңбектер құрайды», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Алқалы жиынға «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Нұрлан Бақытжанұлы Сейдін, ҚР ҒЖБМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Халықаралық ғылыми зерттеу және инновация орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшәддин Тұрсынұлы Керім, Индиана университетінің (АҚШ) Таяу Шығыс, Ислам және Орталық Еуразия зерттеу орталығының қызметкері, PhD доктор Акрам Хабибулла, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, қауымдастырылған профессор Палтөре Ықтияр және ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қолжазба мұраларын сақтау, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу және қазақ руханиятын дамытудағы тарихи дереккөздердің маңызы жан-жақты талқыланды.























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
09.06.2026
157
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру