Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атына шетелдік діни қайраткерлер мен ресми тұлғалардан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті.
Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармаларының басшылары, Иордания Хашимит Корольдігінің Бас мүфтиі, Үндістан мүфтиі, Әзірбайжан мұсылмандары басқармасының төрағасы, сондай-ақ Қазақстанда аккредиттелген мұсылман елдерінің дипломатиялық өкілдері қасиетті мерекеге орай ізгі тілектерін жолдады.
Құттықтау хаттарында Құрбан айттың мұсылман үмбеті үшін ерекше рухани мәні атап өтіліп, бұл ұлық мерекенің татулық пен бірлікті нығайтып, бауырмалдық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтіні айтылған.
Сондай-ақ халықаралық діни және ресми тұлғалар Қазақстан мұсылмандарына амандық, елге тыныштық, береке-бірлік тілеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел игілігі жолындағы бастамаларына табыс тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.05.2026
81
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру