Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 01.05.2026 148 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі» тақырыбында жұма уағызын айтты. 

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін алауыздықтан сақтандырып, мейірім мен бауырмалдыққа шақырған, өйткені мұсылмандар бір дене секілді: бір ағзасы ауырса, бүкіл дене соны сезеді. Сондықтан қоғамдағы береке ең алдымен ынтымақтан басталады.

Ал ынтымаққа зиян келтіретін нәрселерге әділетсіздік, біреудің ақысын жеу, құрметсіздік, күншілдік, өсек пен ғайбат жатады. Мұсылман адам бұлардан сақтанып, бір-біріне қамқор болып, бір бүтін дене іспетті өмір сүруі керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бұхари)»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру