Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 25.04.2026 560 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Жүсіпбек Қасымбековты қабылдады.

Кездесу барысында жаңадан ашылған институттың қызметі, алдағы жоспарлары мен имамдардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Институт директоры Бас мүфтиге оқу үдерісінің барысы, бағдарламаның мазмұны және алғашқы оқу курсының нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Бас мүфти институт жұмысына сәттілік тілеп, алдағы жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру