Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЯСАУИ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 25.04.2026 478 0 пікір
БАС МҮФТИ ЯСАУИ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңадан бой көтерген «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының алғашқы түлектеріне куәлік табыстады.

Айта кетейік, аталған білім ордасы 2026 жылдың 17 қаңтарында есігін айқара ашқан болатын. Рухани астанадағы діни білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен институт қасиетті Түркістан өңіріндегі 778 мешіт пен 1420 дін қызметкерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Бүгін осы игі бастаманың алғашқы нәтижесі көрініс тапты.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Білім іздеу – әрбір мұсылманға парыз”, – деген. Сіздер сегіз апталық, яғни 240 сағаттық қарқынды оқу барысында Құран мен тәжуидтен бастап, ақида мен фиқһ ілімдерін, сондай-ақ шешендік өнер мен дін психологиясын терең меңгердіңіздер. Бұл – ел игілігі үшін қызмет ететін сапалы кадр қалыптастырудағы маңызды қадам», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Институт қабырғасында діни біліммен қатар «Бабалар ізімен» және «Дархан дала» жобалары аясында Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері мен көне Отырар шаһарына жасалған зияраттар имамдардың рухани танымын кеңейтуге ықпал етті.

Іс-шара соңында оқуын сәтті аяқтаған 26 имамға арнайы куәліктер табысталды. ҚМДБ Төрағасы түлектерді құттықтап, дәріс берген ұстаздарға, институт басшылығына және игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдірді.

























Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру