Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 25.04.2026 553 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаудан бастады.

Зиярат ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мүшелерінің қатысуымен өтті. Делегация мүшелері түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Бас мүфти өз сөзінде Түркістан өңірінің тарихи-рухани маңызына тоқталып: «Ясауи мұрасы – халқымыздың діни танымы мен рухани құндылықтарының қайнар көзі. Сондықтан зиярат мәдениетін шариғат талаптарына сай, дұрыс түсініп, насихаттау – ортақ міндет», – деді.

Айта кетейік, жұмыс сапары аясында өңірде бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру