Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында қажылық маусымына дайындық аясында жауапты 14 туроператордың дәрігерлерімен арнайы онлайн жиын өтті.
Жиын барысында қажыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуы,сондай-ақ денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.
Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Отандастарымыз 15 мамыр күні қасиетті сапарға аттанып, 9 маусым елге оралады деп жоспарлануда. Биылғы маусымда конкурстық негізде қажыларды тасымалдау жұмыстары Қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуекомпанияларымен жүзеге асады.Ұшу рейстері еліміздің ірі мегаполистері – Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.04.2026
89
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру