Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МҰНАРА» ГАЗЕТІНЕН «АДАЛ ҚОҒАМ» АЙДАРЫ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 24.04.2026 205 0 пікір
«МҰНАРА» ГАЗЕТІНЕН «АДАЛ ҚОҒАМ» АЙДАРЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Мұнара» республикалық рухани-танымдық газетінен «Адал қоғам» айдары ашылды.

Жаңадан ашылған айдарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Адал қоғам құру – ортақ парызымыз», «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың «Адалдық – ардың ісі», Ағабек Қонарбайұлының «Әділетті әмірші», «Әбу Бәкірдің әділдігі», Ермұрат Назарұлының «Бақытты адам формуласы» мақаласы жарияланды.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялаған болатын.

Бас мүфти Бағдарлық баяндамасында мүфтияттың төл басылымдары – «Мұнара» газеті мен «Иман» журналынан «Ислам және адал қоғам» жылына орай арнайы айдар ашып, адал қоғам құрудың алғышарттарын айшықтайтын мақалаларға басымдық беруды тапсырды.

Газет оқырмандарынан да «Адал қоғам» айдарына арнайы жазылған мазмұнды мақалалар күтеміз.       



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру