Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

25 Мамыр 2026

8 Зулхижжа 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚМДБ өкілдері Атырау өңіріндегі түзеу мекемелерінде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 03.04.2026 1417 0 пікір
ҚМДБ өкілдері Атырау өңіріндегі түзеу мекемелерінде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ орталық аппаратының жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына жауапты қызметкерлері Атырау облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар аясында ҚМДБ өкілдері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті және «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы өкілдерінің қатысуымен, өңірдегі №15, №75 және №79 түзету мекемелерінде болды.

Аталған мекемелерде ҚМДБ өкілдері жазасын өтеуші азаматтарға дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттап, діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар деструктивті идеологиялардың қоғамға тигізетін зияны кеңінен түсіндіріліп, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Мүфтияттың діни оңалту саласының мамандары жергілікті Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне жат діни ағымдардың сипаттары және теологиялық дерадикализациялау ерекшеліктері бағытында әдістемелік көмек көрсетті.

Жүргізілген іс-шаралар түзету мекемелеріндегі діни тұрақтылықты нығайтуға және радикалды көзқарастардың алдын алуға бағытталды.

ҚМДБ алдағы уақытта да мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып, жат діни ағымдардан сақтандыру және діни оңалту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырады.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру