Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Зекет және қайырымдылық қоры ерекше балаларға арнайы сыйлық жасады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 02.04.2026 454 0 пікір
ҚМДБ: Зекет және қайырымдылық қоры ерекше балаларға арнайы сыйлық жасады

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ерекше бала тәрбиелеп отырған 4 мұқтаж отбасыға Neuro Club оңалту орталығы тарапынан 1 айлық тегін емдік-сауықтыру қызметіне сертификаттар табысталды.

Іс-шара аясында мерекелік дастархан жайылып, ерекше балаларға арнайы сыйлықтар ұсынылды. Бұл игі бастама балалардың денсаулығын нығайтуға және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған қайырымдылық шарасы Зекет және қайырымдылық қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында жүзеге асырылды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру