Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам Алматыда студенттермен кездесті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.04.2026 590 0 пікір
Қостанай: Бас имам Алматыда студенттермен кездесті

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Алматы қаласына іссапармен барып, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан қостанайлық студенттермен кездесті.

Сапар барысында ол университет проректоры, PhD докторы Оңғар Ершат Ағыбайұлымен жүздесіп, қызметіне табыс тілеп, ұлттық тарих пен салт-дәстүрге қатысты кітап тарту етті. Өз кезегінде проректор да құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

Кездесу аясында студенттердің оқу үлгерімі, қосымша дәрістерге қатысуы, тәжірибеден өтуі және оқу бітіргеннен кейін өңірге оралып қызмет атқару мәселелері талқыланды.

Іссапардың негізгі мақсаты – жастарға қолдау білдіру, білімге ынталандыру және бітіруші түлектерді туған жерге қызметке шақыру. Осы бағытта Бас имам студенттерге бір реттік шәкіртақы табыстап, арнайы дастарқан жайды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру