Бүгін Маңғыстау облыстық «Бекет ата»мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Рамазан сыйы» марафоны жалғасын тапты.
Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Бас мүфти өз сөзінде адал еңбектің қадір-қасиетіне тоқталып, қоғамның тазалығы мен тұрақтылығына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек иелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, мұндай сауапты шаралардың мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету ғана емес, қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті арттыру екенін атап өтті.
«Рамазан – бір-бірімізге жанашыр болып, көмек қолын созатын ай. Адал еңбек етіп жүрген әрбір жан құрметке лайық. Берекелі қоғам өзара қолдаудан басталады», – деді Бас мүфти.
Шара барысында 200 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, қасиетті айда жұмысшы тазалықшы мамандарға, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетілді.

/







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.03.2026
904
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру