Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау өңіріне жасаған сапары аясында облыстық «Бекет ата» мешітінде бесін намазына қатысып,жамағатқа насихат айтты.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, мүбәрак айдың рухани мән-маңызын жеткізді.
«Қасиетті Рамазан айының бір ерекшелігі – бұл ай дұға қабыл етілетін ай. Сондықтан да «Бақара» сүресіндегі оразаның парыз етілгені туралы аяттан кейін Алла Тағала бірден: «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді», – деп айтқан(«Бақара» сүресі, 186-аят).
Ғалымдар: «Оразаның парыз екені айтылғаннан кейін бірден дұға турасында баяндалуы рамазан айы аяқталғаннан кейін және рамазанның ішінде әрбір күні ауыз ашар уақытында дұға етудің артықшылығын білдіреді» деп түсініктеме берген» -деді Бас мүфти.
Жиын соңында жамағатпен бірге еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.03.2026
1020
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру