ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретінің бастамасымен ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында өңір имамдарымен офлайн және онлайн форматта «Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында семинар өткізіліп, жамағатқа уағыз-насихат айтылды. Сондай-ақ уақыпнама табысталды. Сонымен қатар Бас мүфти Хазіретінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қазақ Құран баспасы» жобасының таныстырылымы жасалды.
Іссапар барысында Азамат Әбдікерімұлы облыстық «Qyzylorda» және «Munara TV» телеарналарында сұхбат беріп, уақып институтының маңызы, қор қызметі және өңірде жүзеге асырылып жатқан діни-ағартушылық жобалар жөнінде ақпарат жеткізді.
Қызылорда қаласында орналасқан «Al-Quat» ас беру орны уақыпнама алып, кәсіпкер өз кәсібінен түсетін табыстың белгілі бір бөлігін дін жолына тұрақты түрде бағыттауға ниет білдірді. Қасиетті жұма күні «Айтбай» мешітінде уақыптың қоғамға әкелетін тұрақты игілігі кеңінен түсіндірілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Уақып» қоры
04.02.2026
934
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру