Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.01.2026 1319 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары барысында «Бекзат Саттарханов» спорт кешенінде «Адалдық пен тәрбие – рухани құндылық» тақырыбында спортшылармен кездесу өткізді.

«Спорт дегеніміз – тек күш сынасу емес, бұл – мінез сыналатын алаң. Қиын сәтте сабыр сақтау, жеңсе – тәкәппарланбау, жеңілсе – мойымай қайта көтерілу, қарсыласқа құрмет көрсету – нағыз тәрбиенің белгісі.
Бүгінде қоғамда «адал қоғам» құндылығы тек мемлекеттік деңгейде емес, әр адамның жүрегінде орнығуы керек. Адал қоғам – парасатты қоғам. Адал қоғам – әділ қоғам. Адал қоғам – әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қоғам.

Спорт саласында да адалдық ерекше маңызды. Спортшы әділ бәсекені құрметтеуі; жалған атақ пен өтірік көрсеткішке ұмтылмауы; допинг, алдау, сатқындық сияқты арға қарсы әрекеттерден аулақ болуы; жанкүйердің сенімін ақтауы тиіс.

Өйткені спортшы – халықтың сенімін арқалаған тұлға»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ, кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы даңты спортшымыз болған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттархановаға құрмет көрсетіп шапан жапты. 














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру