Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған сапарында дін мен дәстүр үйлескен іс-шараға қатысты.
Һибатулла Тарази атындағы медресе-колледж ғимаратында ашылған Дін мен дәстүр бөлмесінде өткен игі іс-шарада Бас мүфти Дінмұхаммед Ілиясұлының тұсауын кесіп, қадамын қаз-қаз басқан сәбиге батасын берді.
Бас мүфти облыстық Һибатулла Тарази мешіті жанындағы Әжелер алқасының мүшелерімен кездесіп, аналармен емен-жарқын әңгімелесті. Қоғамға аса қажет қос құндылығымыз – дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеудің, ұл мен келінді ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызын атап өтті.
«Отбасы – ұлттық тәрбиенің, рухани сабақтастықтың және адамгершілік қасиеттердің алтын ұясы. Үш ұрпақтың, яғни ата-әженің, әке-шешенің, баланың бір шаңырақ астында өмір сүруі – тәрбие сабақтастығының тамаша үлгісі. Ата – ақылгөй, әже – мейірім иесі, әке мен ана – ұйытқы, бала – болашақ. Қазақ отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық, туыстық қарым-қатынасты сақтау – басты қағида болып қала бермек.
Біз үшін әр отбасының бақытты болуы маңызды. Сол себепті 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жарияладық. Бұл бағытта қаншама іс-шаралар атқарылуда. Сіздер де бұл бастамамызға қолдау білдіріп келесіздер. Алла разы болсын!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.11.2025
2261
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру