Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.10.2025 1843 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ел аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім саябағында өтті.

Жалпыұлттық экологиялық акцияға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутаттар, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ еріктілер мен жастар қатысты.

Ағаш отырғызу іс-шарасында Бас мүфти: «Ислам діні тазалық пен тәртіпке шақырады. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір мұсылманның парызы. Бұл – табиғатқа деген құрмет әрі ұрпақ алдындағы жауапкершілік», – деді.

















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру