Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.10.2025 1710 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орайластырылған «Цифрлық кеңістіктегі ислам: көріністері, платформалары мен мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Айтулы жиын қасиетті Құран аятын оқумен ашылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұға жасады.

Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып баяндама жасады.

«Расында қазіргі заман – технология мен цифрлы өркениеттің кезеңі. Жасанды интеллект, нейрожелілер, виртуалды шындық, биотехнология, метағалам – осының бәрі бір кездері қиял болып көрінгенімен, қазір күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды.

Алла Тағала соңғы елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы жеткізген қасиетті Құран Кәрімде Өзін зікір қылумен қатар адамдарды пікір қылуға, яғни ұдайы ойлануға, ақылын пайдалануға, ғаламды, жаратылысты зерттеуге шақырады», - деді Бас мүфти.

Сонымен қатар, халықаралық конференция аясында «Ислам, цифрландыру және жасанды интеллект» атты секциялық отырысы өтті.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру