Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.10.2025 1381 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңір имамдарымен кездесті.

Бас мүфти жиында дін қызметкерлері, имамдар мен ұстаздардың асыл дініміздің айбынын асыру жолындағы қызметіне сәттілік тілеп, имамның рухани жетекші екенін атап өтті.

«Аллаға шүкір, имамдарымыздың діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеп, діни құлшылықтарды шариғат талабына сай атқарып келеді. Діни рәсімдерді бірізділікпен өткізуде де дін қызметкерлері ауқымды жұмыс атқаруда. Дегенмен заман талабына қарай қоғамның беталысына көз жүгіртсек, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. Қазіргі заманда имамдар діни рәсімдерді атқарушы ғана емес, қоғамды тәрбиелеуге үлес қосатын ағартушы ұстаз болуы керек»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Басқосу соңында Бас мүфти ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан Жетісу облысының бірқатар ардагер имамдарын мерекелік медальмен марапаттады 
Марапат иелері:

  1. Рүстембеков Нұрмұхамбет – Жетісу обл., Ақсу ауданы, Матай ауылының имамы
  2. Чаймуратов Аманжол – Көктал ауылдық мешітінің имамы
  3. Сатыбалдиев Бауыржан – Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық мешітінің имамы
  4. Құдашев Нұрлан – Алакөл ауданы, Көлбай ауылдық мешітінің имамы
  5. Жұмағалиев Болат – Талдықорған қалалық Жетісу мешітінің имамы
  6. Таласбаев Әбудардан – Қаратал ауданы, Үштөбе қалалық мешітінің имамы 
  7. Ерімбет Еділбек – Көксу аудандық Балпық би мешітінің имамы
  8. Манбетов Анарбай – Ақсу ауданының имамы
  9. Стамшалов Талғат – Талдықорған қалалық Нұр мешітінің имамы
  10. Исенбаев Тұрсынғали – Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылдық мешітінің имамы



























Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру