ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған іс-сапары аясында аймақтағы бірқатар дін қызметкерлерін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Аталмыш марапат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі қаланғанына 35 жыл толуына орай, ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, халыққа діни-ағарту бағытында аянбай қызмет етіп жүрген имам-молдаларға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде табысталды.
Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапат иелеріне, барша имамдарға арнайы насихат айтып, діни салада ыждағатты еңбек ете беруге үндеді.
Марапат иелерінің қатарында:
Абдалиев Құрбанбек Лашкарбекұлы – Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінің имамы
Тұрарбеков Талғат Ақжігітұлы – Сайөтес ауылдық мешітінің имамы
Жүсіп Опа – Ақшұқұр ауылдық мешітінің наиб имамы
Жанабаев Ұзақбай Түрікменбайұлы – Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы» мешітінің имамы
Шаденов Айғабыл Дәуірханұлы – Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы
Қалдыбаев Наурызбай Құралбайұлы – Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің имамы
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.09.2025
2202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру