Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚУ ОРДАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.09.2025 1092 0 пікір
ОҚУ ОРДАСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Аналар кеңесі» орталығында отбасы құндылығы жайлы насихат айтты.

«Алла Тағала адамзат баласына сансыз нығмет берген болса, соның ішіндегі ең ұлығы – отбасы. Шаңырақ көтеру, ұрпақ өрбіту, сүйіспеншілік пен мейірімге бөлену – Жаратушының адам баласына берген ерекше сыйы.

Қасиетті Құран Кәрімде отбасылық өмірге, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластыққа үлкен мән беріледі. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 187-ші аятында: «Олар (әйелдер) сендер үшін киім (іспетті), сендер де (яғни ерлер де) олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп айтқан.

Бұл аятта Алла Тағаланың ерлі-зайыпты адамдарды киімге теңеуі тегін емес. Себебі киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жасырып, бойына көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыптылар бір-біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, біріне бірі көрік болушы. Яғни отбасында ер мен әйелдің бір-біріне киімдей қажет екендігі меңзеліп тұр» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти басқосуға қатысқан жандарды отбасында тату ғұмыр кешуге үндеді. Сонымен қатар бақытты ғұмыр кешудің жолдары жайлы айрықша атап өтті.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру