Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірде бой көтеріп жатқан имамдарға арналған қызметтік пәтерлердің құрылысымен танысты.
Бұл тұрғын үй кешені – имамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі жобалардың бірі. Қазіргі таңда 36 пәтерден тұратын қызметтік тұрғын үйдің кірпіші қаланып, қабырғасы бой көтеріп, құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Жиында Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлы құрылыс жұмыстары жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды.
Айта кетейік, ҚМДБ тарапынан республика көлемінде имамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
24.07.2025
1722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру