Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.06.2025 1303 0 пікір
ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне қатысты жұмыстарды пысықтау бойынша онлайн және оффлайн форматта арнайы жиын өтті.

Жиынға наиб мүфтилер Сансызбай Құрбанұлы мен Ермек Қасболатұлы және ҚМДБ басшылық құрамы, өкіл имамдар мен мешіт қызметкерлері қатысты.

Жиында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы және «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы, сондай-ақ Цифрлық даму бөлімінің маманы тиісті бағыттар бойынша баяндама жасады.

Ғылымбек Жәдігерұлы құрбан шалу кезінде тәртіппен тазалықтың қатаң сақталуын және ашықтықтың қамтамасыз етілуін қадалағалауға қатысты ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, Айбек Асқарбекұлы мен Мақсатбек Мақсотұлы барлық өңірде құрбандық шалатын арнайы орындар әзірленіп, қасапшыларға арнайы оқу семинары ұйымдастырылғанын жеткізді. Және де шариғат нормаларын сақтап мал сою – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру