Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН-2025: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ 4,7 МИЛЛИОН АУДИТОРИЯ ҚАМТЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.04.2025 2208 0 пікір
РАМАЗАН-2025: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ  4,7 МИЛЛИОН АУДИТОРИЯ ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол хабарлады.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің ұйымдастыруымен Рамазан айына арналған инстаграм мен Тик-ток желісінде 38 тікелей эфир жүргізіліп, сәресі уақытындағы эфирлерді 77 900 көрермен тамашалады. «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасына 19 видео салынып, muftyat.kz сайтына 150 контент жарияланды. Айрықша атап өтетін жайт, Діни басқарманың Инстаграмдағы ресми парақшасында Қадір түнінде тікелей эфирлер ұйымдастырылып, 3,7 миллион, ал жалпы Рамазан айында 4,7 миллион аудитория қамтылды (охват).

Әлеуметтік желілерге 35 фото-баннер таратылып, іс-шаралар бойынша 30 видео жарияланды. Одан бөлек 4 апталық шолу әзірленіп, 90 мыңнан астам қаралым жинады.

Жоспар бойынша атқарылуы маңызды деп танылған 3 тапсырма бойынша өкілдіктерде бірқатар жұмыстар орындалды. БАҚ беттеріне 1836 ақпарат берілді. Өкілдіктердегі 3224 әртүрлі зиялы қауым өкілдеріне Рамазанмен құттықтау хаты жолданды. Сонымен қатар, MUFTIYAT баспасынан шыққан 17 516 кітапша жамағатқа таратылды.

Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда және әлеуметтік желілерде ораза жайлы 572 мақала жарық көрді. Оразаға қатысты имамдар, РАНТ мүшелері және ұстаздардың өкілдік сайттарына 125 мақаласы жарияланды» деді Нұрсұлтан Сәбитұлы.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру