Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.03.2025 2368 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатпен бірге хатым дұғасын жасады.

Бас мүфти алдымен жамағатты мың айдан да қайырлы болған Қадір кешімен құттықтап, Құранды толық хатым еткен қариларға айрықша алғысын білдірді.

ҚМДБ Төрағасы Құран Кәрімнің соңғы аяттары оқылған тарауық намазынан кейін хатым дұғасын жасап, жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Құран Хатым сауабын елдігіміздің жолында ерен еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағыштап, еліміздің амандығы мен халқымыздың тыныштығын тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру