Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАРҚҰМ ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.02.2025 1423 0 пікір
БАС МҮФТИ МАРҚҰМ ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті жазушы Дулат Исабековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған жақындарына көңіл айтты.

«Көрнекті жазушы, белгілі драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма қатты батты. Марқұмның отбасына, жақын туыстарына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағала Дулат ағамызды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлеп, мәңгілік мекенін жәннат еткей.

Дулат аға соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ізгі іс-шараларына да қатысып, жамағат пен дін қызметкерлеріне ағалық кеңесін айтып, батасын беріп келген еді. Хақ Тағала ізгі амалдарын қабыл етіп, мол сауаптан жазғай. Оның қаламынан туған кесек шығармалар мен сүбелі еңбектер халқымен бірге мәңгі жасай бермек. Марқұмның иманы саламат, артында қалған отбасы мен ұрпағына көркем сабыр берсін. Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру