Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ 799-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.11.2024 656 0 пікір
НАИБ МҮФТИ 799-БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 799-баспана кілтін Тамара Дәрібаеваға табыстады.

Тамара Сұлтанмұратқызы – талай жылдан бері тағдыр тауқыметін тартып келе жатқан әже. Кенжетай Байкемелұлы қарт әжеге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, игі тілегін білдірді. Сонымен қатар Діни басқарма әрқашан қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Тамара Сұлтанмұратқызы дін қызметкерлеріне айрықша алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді. Аналық батасын беріп, пәтерге үлес қосқан барша азаматтарға ақжарма тілегін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру