Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуіне орай Астана қаласында аталған ұйымға мүше мемлекеттердің дін қайраткерлерінің қатысуымен «Қожа Ахмет Яссауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Бас мүфтилері, дін қайраткерлері елшілер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.
Халықаралық конференцияның мақсаты: Орта Азия, қала берді күллі түркі әлеміне танылған, түркі жұртының құбыласы саналған Қожа Ахмет Яссауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы конференция аясында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін халықаралық деңгейде дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, жас буынды елдік санаға баулу, ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу, т.б.
Конференцияның міндеті: Конференцияға қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырады. Онда тұлғаның шығармаларындағы тіл, әдебиет, өнер, мәдениет, дін, философия т.б. мәселелерді талқылап, жан-жақты саралауды негізге алады.
Конференцияға қатысу үшін өтінім мен мақала 2024 жылы 25 қыркүйекке дейін Baspa@muftyat.kz поштасына жіберілуі тиіс. Байланыс телефоны: 8-707-180-79-94 Темірлан Сайлаубек.
Конференцияға қатысушыларға және мақала мәтініне қойылатын талаптар:
Мақаланы орналастыру реттілігі:
- ӘОЖ (УДК) индексі бірінші беттің жоғары сол жағына қойылады.
- Мақала тақырыбын бас әріптермен жазу керек.
- Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты (ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы жазылады.
- Мақаланың негізгі мәтіні (текст....).
- Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Мәтін көлемі 7 беттен аспауы тиіс (кестелер мен суреттерді қоса алғанда) немесе тезис үлгісінде болуы керек.
- Мәтіннің редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет, 14 кегль, интервал – 1 (бір). Беттің астыңғы және үстіңгі жақ өлшемдері – 2 см., оң жақ өлшемі – 1,5 см., сол жақ өлшемі – 3 см. Мақалаға бет сандары қойылмайды.
- Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
- Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалған әдебиеттер мақала ішінде реттік саны бойынша тік жақшаға алынып [1, 25 б.], мақала соңында сол ретімен беріледі.
Конференцияның өтетін орны: Астана қаласы, Rixos President Astana қонақүйі, Қонаев 7.
Өтетін уақыты: 3 қазан 2024 жыл
Басталуы: сағат 15:00-де
Конференция қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, әзербайжан тілдерінде жүргізіледі.
Ұйымдастыру комитеті
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру