Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫ МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2024 2636 0 пікір
«MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫ МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы Құрбан айттың алғашқы күні мерекелік шығарылым ұсынады.

Республикалық Бас мешіттен арнайы хабар таратылмақ. Көрерменге таңғы 05:00-ден бастап 2 сағат бойы тағылымды бағдарлама әзірленуде. Онда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен мүфтият ұстаздарының уағыз-насихатын, сұхбатын тыңдай аласыз. Сондай-ақ Бас мешіттің сахан аймағында өтетін түрлі тартысты сайыстар, ұлттық ойындарды назарыңызға ұсынамыз. 16 маусым күні «Munara TV» телеарнасының тікелей эфирінен және YouTube парақшасынан көруге асығыңыз, ағайын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру