Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРАН СЕКТОРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.02.2024 1192 0 пікір
ҚҰРАН СЕКТОРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан ашылған Құран секторының алғашқы жиыны өтті.

Басқосуға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет, сондай-ақ қарилар дайындау орталықтарының директорлары онлайн режимде қатысты.

Жиында сектор меңгерушісі таныстырылып, жұмыс бағыты, Рамазан айына жоспар, оның ішінде мешіттерге қариларды бөлу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ барлық медресе қабырғасында Құран жаттау тәсілдері мен сектор жұмысын дамыту тетіктері сөз болды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру