Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 28.06.2023 1469 0 пікір
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ізгі амалдар арқылы еліміздің береке-бірлігін, ынтымақтастығын арттыруға, тұтастығы мен тұрақтылығын нығайтуға, жарқын болашақ жолындағы мақсаттарға жетуге ықпал етіп жүрген жауапты қызметіңізге толағай табыс тілеймін. Ізгілікке, қайырымдылық пен мейірбандылыққа, бауырмалдыққа, қайырым мен жақсылық жасауға үндейтін ерекше мереке бүкіл халқымыз үшін берекелі, ырыздықты болсын. Осы орайда өзіңізді де қасиетті мерекемен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр, әулетіңізге амандық тілеймін» делінген құттықтау хатында.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру