Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

muftyat.kz 01.02.2023 1990 0 пікір
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Нұрлан Қайырбеков Астанадағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінде студенттермен «Ізгі қоғам: Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – діни радикализмнің алдын алу. Кездесу барысында Хасан Ташайұлы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізде кең етек алып жатқандығына тоқтала келе, радикалды жат ағымдардан сақтанудың бірқатар жолдары мен тетіктерін атап өтті. Діни оңалту бағытының ұстазы өз кезегінде теріс ұстаным иелерін дұрыс жолға салу үшін басқарманың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Ал Нұрлан Евфратұлы бүгінде теріс ағымға ерген жастардың дені авторлары күмән тудыратын діни әдебиеттерді оңды-солды оқып жатқандықтан адасуда деп түсіндірді.

«ҚМДБ бекіткен имам-ұстаздарға еріп, сондай-ақ Діни сараптама комиссиясы мақұлдаған діни кітаптарды ғана оқитын ілім алушының діни радикализмге иммунитеті пайда болады. Сол себепті, Қазақстандағы мұсылмандардың қарашаңырағы саналатын басқарманың muftyat.kz сайтындағы онлайн кітапханадан сүзгіден өткен кітаптарды ғана пайдалануларыңызды сұраймын» деп студенттерге кеңес берді.

Бас-аяғы екі сағатқа созылған бұл кездесуде студенттер де көкейлерінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, көкейтесті мәселелерді талқылаудан тысқары қалмады.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру