Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 11.07.2022 3038 0 пікір
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрбан айт мерекесіне орай QURBAN-2022 қайырымдылық жобасын қолға алып, игі істерге ұйытқы болды.

Мәселен қор директоры Қанат Қыдырмин бастаған зекет өкілдері ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Аллаға ең сүйікті амал – бауырыңның жүрегіне қуаныш сыйлау» деген хадисін амалға асыру мақсатында елордадағы «Ұлттық ғылыми онкология» орталығына арнайы барып, 250-ге жуық науқастың көңілін сұрап, гүл шоқтары мен сый-сияпат жасады. Қанат Қоянбекұлы науқастарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, дерттеріне шипа тіледі. Сондай-ақ онкология орталығының дәрігерлеріне алғыс айтып, қызметтеріне береке тілеп, ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қоры ұжымы Нұр-Сұлтан қаласының жанында орналасқан елдімекенде болып, балалар жылына орай кішкентай бүлшіршіндерге мерекелік көңіл-сыйлау мақсатында «Құрбан айтта қуандыр!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балаларға тәттілер беріліп, спорттық ойындар ойнатылды. Жүлделі орын алған балақайларға әртүрлі сыйлықтар берілді.

Мереке күндері қор қызметкерлері бас қаладағы «Республикалық саңыраулар қоғамы»  мен «Зағиптар қоғамына» арнайы зиярат жасап, құрбан еті мен азық-түліктер таратты. Бұдан бөлек, елорда маңындағы саяжай тұрғындарына дастарқан жайылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құрбан айтпен құттықтап, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 17 отбасыға құрбан еті мен азық-түлік берілді.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру