Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен ҚМДБ-ның биылғы жоспарының қатарында РАНТ мүшелерінің насихат жұмыстары бар. Осыған орай ҚМДБ «Уағыз-Насихат» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен келді.
Бөлім меңгерушісі екі күндік сапарында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтып, намаз өткізді. Жамағатқа ҚМДБ бекіткен «Зират және зиярат мәдениеті» құжатының маңыздылығын түсіндіріп, сол құжатқа сай діни рәсімдерді атқаруға шақырды.
Кейін Ақтөбе қалалық әйелдер орталығында жергілікті әйелдер жамағатымен кездесіп, жат діни ағымның алдын алуға қатысты насихат жүргізді. Әйелдер тарапынан түйткілді сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Сонымен қатар Батыржан Берденұлы «ҚМДБ Концептуалды құжаттары» атты кітап бойынша Ақтөбе қаласы имамдары арасында өткен білім сайысына қатысып, төрелік етті. Құжатқа сай дайындалған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, озаттығымен үздік танылған имамдарды марапаттады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.05.2021
4023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру