Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«HALYQ ARNA» ҚАДІР ТҮНІНДЕ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.05.2021 5361 0 пікір
«HALYQ ARNA» ҚАДІР ТҮНІНДЕ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

Бүгін – мың айдан да қасиетті Қадір түні. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Halyq arna» телеарнасы «1000 айдан да қайырлы Қадір түні» атты арнайы онлайн бағдарлама ұсынады.

Тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

Онлайн бағдарлама барысында «Қадір түніне тілек», «Құлшылық пен ықылас-ниет», «Кешірім тілеудің маңызы», «Мүміннің Рамазаннан кейінгі сипаты», «Истиғфар дұғасы», «Рамазан айындағы зекеттің пайдасы мен хикметі» т.б тақырыптар төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар айтылады.

Айта кетейік, Қадір түніне арналған онлайн бағдарлама түнгі сағат 01:15-те басталып, 03:00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ эфирді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – МУФТИЯТ ҚМДБ youtube каналы мен muftiyatkz instagram каналынан көруге болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру