Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ДІН БАСШЫСЫМЕН СӨЙЛЕСТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.05.2021 2839 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ДІН БАСШЫСЫМЕН СӨЙЛЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан бас мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробай ажы Шергазыевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бас мүфти Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған шиеленісті жағдайға өзінің және Қазақстан мұсылмандарының алаңдаушылық білдіріп, дұғада болғанын айтты. Қырғызстан мен Қазақстанның бағзыдан қаймағы бұзылмаған тату көрші екенін алға тартып, қасиетті Рамазан айында жұртшылықты бірлікке шақырудың маңыздылығына тоқталды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Жоробай ажы Шергазыевті Атлах шайқасының 1270 жылдығына орай өтетін халықаралық онлайн конференцияның құрметті қонағы болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру